Атырау, 28 қараша 00:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​АҚШ бастаған 16 мемлекет жаңа декларация қабылдады

2 948 просмотра


АҚШ және Ұлыбритания бастаған он алты мемлекет әлемдік шиеленіске қарсы тұру мақсатында күш біріктірмек. Бұл туралы Нормандияда өткен басқосуда мәлім болды. 

Бірлескен мемлекеттер әлемдік тұрақтылықты сақтау және бейбітшілікті нығайтуға бағытталған жаңа декларация қабылдады.  Декларацияның мақсаты – екінші дүниежүзілік соғысқа ұқсас қақтығыстың қайталануына жол бермеу. Осы ретте АҚШ өкілдері: «Біз дос және одақтастар ретінде сындарлы жұмыс істеуге міндеттіміз. Біздің пікіріміз әрқашан ортақ ұстаным тауып, халықаралық шиеленісті бейбіт жолмен шешу үшін бірлесіп әрекет етеміз», – деп мәлімдеді. 

Құжатта: «Соңғы 75 жылда мемлекеттеріміз Еуропада бейбітшілікті сақтауға, демократияны, төзімділікті және заңның үстемдігін нығайтуды мақсат етті. Біз осы еркіндікті қорғау үшін одақтастар мен достар ретінде бірге жұмыс істейтін боламыз», – делінген. Декларацияға АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия, Бельгия, Канада, Чехия, Дания, Франция, Германия, Греция, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Жаңа Зеландия, Польша және Словакия елдері қол қойды. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

7 маусым 2019, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.