Өзбекстанның Самарқант, Үргеніш және Наманған қалаларының әуежайлары ұзақ мерзімге Ресейдің «Новапорт» компаниясының басқаруына берілді.
Әуежайларды беруге байланысты келісім Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің Ташкентке жасаған сапарында талқыланған. «Новапорт» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, холдинг басшысы Роман Троценко мен Өзбекстан транспорт министрінің орынбасары Ильхом Махкамов келісімге 30 мамыр күні Ташкент қаласында қол қойған. 2018 жылы Самарқант әуежайы 380 мың, Үргеніш әуежайы 330 мың, Наманған әуежайы 165 мың жолаушыға қызмет көрсеткен. Айта кететін бір жайт, осы уақытқа дейін Өзбекстандағы барлық әуежайлар мемлекеттік "Өзбекстан әуе жолдары" компаниясының иелігінде болған. Болжам бойынша, қазіргі уақытта аталмыш компания қаржылай қиындықтарға тап болып, банкрот болуға жақын.
Дереккөз: qazaqtimes.com