Атырау, 16 желтоқсан 18:24
 ашықВ Атырау -11
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Зеленский: Украинаның НАТО-ға мүше болу мәселесін референдумға шығарамыз

2 976 рет қаралды


Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленский елдің НАТО-ға мүше болу мәселесін референдумға шығаруға уәде берді,- деп хабарлады Азаттық.

5 маусымда Азат Еуропа/Азаттыққа берген сұхбатында Зеленский Украина мен оның азаматтарының тәуелсіз ұйымдарды таңдауына құқығы бар екенін айтты.

Оның айтуынша, билік "әрбір украин азаматына НАТО-ның қандай ұйым екенін, оған мүше болу соншалықты қорқатын нәрсе емес екенін айтып" түсіндіруі тиіс және "украин азаматтары дайын болған кезде бұл сұрақты міндетті түрде референдумға шығарамыз" деді.

5 маусымда шетелге (Еуропа) алғаш сапарын бастаған Зеленский Украинаның Еуроодақ пен НАТО-ның толық мүшесі болуға ұмтылатынын жеткізді. Бұған дейін мұндай мәлімдемені елді басқарған экс-президент Петр Порошенко да айтқан.

Мәскеу НАТО аумағының ұлғаюын әсіресе Украина мен Грузияның одаққа қосылу жоспарын жиі сынайды.

Дереккөз: azattyq.org 

7 маусым 2019, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.