Индер ауданында кене биыл да өткен жылғыдай малшыларды әбден мазалап отыр. Қансорғыш жәндіктің көптігінен малды шаққан жерлеріне құрт түсіп, асқынып жатыр екен.
- Үш сауын сиырым бар. Бұрын сиырдың желініне жабысып келетін, енді кез-келген жерінен табуға болады. Бұрын далалыққа жайылғанда болатын, енді кене ауылға да жеткен болу керек, мал аула маңында болғанның өзінде таңертең тағы кенелер пайда болады, - дейді Елтай ауылының тұрғыны Кенжекей СӘРСЕНОВА.
Аудандық ветеринар мамандар да шарасыз. Олардың айтуынша, бұрын ивермек, ивермектин, айвен секілді дәрілерді зиянкес жәндікке қолданып, бетін қайтаруға тырысатын. Енді оның әсері де жоқ көрінеді. Мамандар бірнеше кенені облыстағы лаборториялық зертханаға жіберіпті.
Аудандық «Ветеринариялық станса» КМК бөлімінің басшысы Ербол БӨКЕЕВ:
- Кене шаққан жерлер жараға айналып, құрттау көбейіп тұр. Бұл қандай кене екенін де біле алмаудамыз. Зертханаға жібердік. Қорытындысы келген соң, сәйкесінше шара қабылдаймыз.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді түсірген автор