Атырау, 24 қараша 20:22
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Болашақтан» жағымды хабар

2 961 просмотра


ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Болашақ» зауытына сапары кезінде NCOC компаниясының басқарушы директоры Ричард ХОУВ бүгінде өндіріс көлемі зауытқа және теңіз кешеніне жүргізілген алғашқы күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін рекордтық деңгейге - тәулігіне 370 мың баррельге жеткені туралы мәлімдеді.

Консорциумның баспасөз қызметі хабарлағандай, «Қашаған кен орнының теңіз кешенінде бірінші өндіруші ұңғыма қайта ашылғаннан кейін және алғашқы ірі күрделі жөндеу жұмыстары ойдағыдай аяқталғаннан кейін мұнай өндіру біртіндеп артып, тәулігіне 370 мың баррельге жетті.

Пайдалану сенімділігінің жалпы деңгейі жоғары болып қала береді. Мұнда қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Бұл межеге компания барлық тараптардың ынталы және жоғары кәсіби қызметінің, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің, «PSA» ЖШС және NCOC акционерлерінің бірлескен күш-жігері арқасында қол жеткізді.

Күрделі жөндеу жұмыстарына дейін Қашағанда күнделікті өндіріс көлемі шамамен 350 мың баррель болды.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

5 маусым 2019, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.