Исі мұсылман қауым қасиетті Рамазан айы аяқталғаннан кейінгі Ораза айт мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мереке ешбір құжатта жазылмаған. Сондықтан әрбір ел «ай» күнтізбесіне қарап жылда мереке күнін белгілейді. Биыл түрік жұрты Ораза айтты мерекелеуді бізден бір күн бұрын бастап кетті. Мұсылман әлемінің ұлық мерекесі тамырлас елде кеңінен тойланады. Атаулы мейрамға орай биыл жергілікті халық 9 күн демалады.
Бұл – түрік жұрты үшін үлкен мүмкіндік. Себебі, қала тұрғындары алып шаһарлардың тіршілігінен бір сәт босап, ауыл-аймақтарға кетеді. Алайда мереке күндері жолға шыққан көліктердің көптігінен жол апаттары жиілеп тұр.
Исмаил Чатаклы, ішкі істер министрінің орынбасары:
- Жол апаты жиі орын алатын 18 аймақтың 20 бағытында әрбір 10 шақырым қашықтықта арнайы бекеттер құрдық. 52 кісіден құралған 18 топ осы бағыттағы жол полициясының жұмысын жүйелі түрде қадағалайтын болады. Сондай-ақ 25 провинцияда тікұшақтар, ал өзге 71 өңірде 1565 сағат бойынша дрондар жол қозғалысын бақылауда ұстайды. Бұдан бөлек, 1520 тәртіп сақшысы қалааралық автобустарда қызмет көрсетеді.
Дереккөз: 24.kz