Леонид Кучма Минск келісіміне қайтып оралды. Украина басшысы Владимир Зеленский экс-президент Леонид Кучманы Донбас мәселелерін шешу жөніндегі келісім топтарының ресми өкілі етіп тағайындады.
Аталмыш мәселеге байланысты кезекті отырыс маусым айының 5-і күні Минск қаласында өтеді. Зеленскийдің сөзінше, ресми Киевтің Донбас мәселесін шешуге байланысты нақты ұсыныстары мен жаңа шешу тетіктері бар. Кучманың пікірінше, Минск келісімі Украина тарапынан заңдық негізде бақылауды қажет етеді.
Ал Донбаста бейбітшілік орнату процесі жақын уақытта басталады.
Дереккөз: "The Qazaq Times"