Атырау, 22 наурыз 15:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

​Венецияда лайнер туристік кемемен соқтығысып қалды

2 266 рет қаралды


Италияның Венеция қаласында круиздік лайнер мен туристік кеме соқтығысып, 4 адам жарақат алды. Оқиға Джудекка арнасында болды. 

Алып лайнер жағалауда тұрған шағын кемені және тұрақты тұмсығымен барып соқты. Бірнеше адам жеңіл жарақат алып, суға құлап түсті. Кемедегі қалған жолаушылар аман-есен эвакуацияланды. 

Құтқарушылар төтенше жағдайдың орын алуына лайнерді сүйретіп бара жатқан кеменің арқаны үзіліп кетуі себеп дегенді айтады. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр.

Дереккөз: 24.kz

3 маусым 2019, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.