Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында полиция лаңкестік әрекеттің жолын кесті. Тәртіп сақшылары полиция көлігіне бекітіп кеткен бомбаны тауып, залалсыздандырды.
Әзірге жарылғыш затты көлікке қандай лаңкестік ұйым орнатқаны белгісіз. Бірақ полиция оны радикалды солтүстікирландиялық республикашылар қоюы мүмкін деп отыр.
Айта кетейік, соңғы айларда Ұлыбританияның Ольстер қаласында радикалды күштердің әрекеті күшейген. Оған Біріккен Корольдіктің Еуроодақтан шығатынына байланысты Солтүстік Ирландия мен Ирландия Республикасы арасындағы шекара мәселесі себеп болып отыр.
Дереккөз: 24.kz