Атырау, 28 қараша 00:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Парижде "полиция озбырлығына" қарсы шеруге жүздеген адам қатысты

2 382 просмотра


Жексенбі, 2 маусымда Парижде "полиция озбырлығына қарсы" наразылық шеруі өтті. "Жаралылар маршы" деп аталған акцияны "сары жилеттілер" қозғалысы ұйымдастырды. Акцияға 400-ге жуық адам қатысты. Наразылар Бастилия алаңынан Ұлт алаңына дейін жүріп өтті.

Le Figaro басылымының хабарлауынша, бұған дейінгі наразылықтарда полициямен қақтығыста ондаған адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Жексенбіде "Мені травматикалық қарудан жаралады", "Мүгедек қылуды доғарыңдар", "Көзімнен айырылдым" деген жазуы бар плакаттар ұстап шеруге шыққан азаматтар полицияның ісін айыптады.

Франция ішкі істер министрлігі жанындағы мемлекеттік хатшы Лоран Нуньес 2 маусымда телеарнадан сөйлеген сөзінде тәртіпсіздіктер кезінде травматикалық қару мен өзге де арнайы құралдарды қолданудан бас тарту мүмкін емес деп мәлімдеді.

Францияның ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 2018 жылдың 17 қарашасында басталған "сары жилеттілер" наразылығы кезінде екі жарым мыңға жуық демонстрант пен 1800 полицей зардап шеккен.

Дереккөз: Азаттық радиосы

3 маусым 2019, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.