Америкалық бизнесмендер сауда соғысына байланысты Трамп әкімшілігін сотқа беруге дайындалып жатыр.
«CNBC» телеарнасының хабарлауынша, Америка сауда палатасының адвокаттары қазір қажетті құжаттарды жинауда. Себебі Трамптың Қытай және Еуроjдақпен сауда соғысы қаржы нарығына орасан зор шығын әкелуде. Ал көрші Мексикаға баж салығын енгізуі жағдайды ушықтырған.
Тіпті Қаржы министрі Стивен Мнучин мен Сауда бойынша кеңесші Роберт Лайтхайзер шешімге қарсылық білдіріп, жуық арада бірлескен мәлімдеме жасауға уәде берді.
Еске сала кетейік, бірер күн бұрын Трамп Мексиканың заңсыз мигранттармен күреспей отырғандығын айыптап, бұл елдің тауарларына 5 пайыздық баж салығын енгізді. Және де оны қазан айына дейін көтеретінін ескертті.
Дереккөз: 24.kz