Ресейдің Дзержинск қаласында тротил өндіретін цехта бірнеше жарылыс болды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, зардап шеккендер саны 38 адамға жеткен, төртеуі ауыр халде жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Жарылыс "Кристалл" зауытының цехында болған. Екі адам із-түссіз жоғалғаны хабарланды.
Зауыттағы жарылыстардан кейін өрт басталып, көрші ғимаратты да шарпыды.
Жойқын жарылыс толқынынан жергілікті мектептің әйнектері сынып, вокзал ғимаратының сырты бүлінді. Сондай-ақ, жақын маңдағы тұрғын үйлерге де зиян келді, деп хабарлайды "Звезда" телеарнасы.
Дауыс зорайтқыш арқылы қала тұрғындарына хабар берілді.
Қаланы көк түтін басты. Тұрғындар аспанды торлаған бұлт улы болуы мүмкін деп қорқып отыр.
Дереккөз: sputniknews.kz