Атырау, 28 қараша 00:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Әкімшілік ғимаратта коммуналдық қызметтің жұмысшысы 12 адамды атып тастады

Бейнежазба
2 915 просмотра

АҚШ-тың Вирджиния-Бич курорттық қаласында әкімшілік ғимаратта коммуналдық қызметтің жұмысшысы атыс шығарды. Соңғы деректер бойынша, құрбандар саны 12 адамға жетті, деп хабарлайды The New York Times.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, шабуылдаушы полицейлермен атыс кезінде жарақат алды. Оған медициналық көмек көрсетілгенімен, атқышты аман алып қалу мүмкін болмады.

"Жұрт айғайлап, қаша бастады. Мен сұмдық жол апатын көрді ме деп қалдым", - дейді қайғылы оқиға болған ғимараттың бірінші қабатында жұмыс істейтін қызметкер Занд Бахтиари.

Мәйіттер барлық үш қабатта жатты, деп хабарлады қаланың полиция бастығы Джим Сервера. Қаза болғандардың бірі сырттағы көліктен табылыпты.

"Зардап шегушілердің бірі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Тағы төрт адам ауруханада. Қолда бар мәлімет бойынша, кейбіреулер ауруханаға өздері бара алады", - деді полиция бастығы.

Оның айтуынша, 45-ші калибрлі тапанша табылыпты. Әзірге ер адамның неге мұндай қылмысқа барғаны белгісіз.

Дереккөз: sputniknews.kz

1 маусым 2019, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.