Атырау, 28 қараша 00:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Трамп: Ресейдің сайлауда жеңуіме көмектескеніне менің қатысым жоқ

2 328 просмотра


30 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп демократтар мен Трамп-Мәскеу байланысын зерттеген арнаулы прокурор Роберт Мюллердің зерттеуін тағы бір рет сынға алды. Басылымдар жазуынша, Трамп Ресейдің 2016 жылы АҚШ-та өткен президент сайлауына "өзіне көмектесу үшін" киліккенін алғаш рет мойындай сөйлеген.

Трамп өзінің Twitter парақшасына "Ресейдің сайлауда жеңуіме көмектескеніне менің қатысым жоқ" деп жазды. Бірақ мұнан соң Трамп журналистерге "Ресей маған сайлауда көмектескен жоқ. Сайлауда өзім жеңдім" деді.

Трамп Ресей мен АҚШ президентінің "астыртын сөз байласуын" екі жылдай зерттеген арнаулы прокурор Роберт Мюллерді сынады. "Мюллер мен оны ФБР директоры етуден бас тартқан соң арнаулы прокурор болды" деді ол. Twitter-дегі жазбасында Трамп прокурордың зерттеуін "мүдделер қайшылығы" деп атады.


29 мамырда АҚШ-тың арнаулы прокуроры Роберт Мюллер отставкаға кететінін айтты. Тергеу қорытындысы жайлы айтқан Мюллер "Кремльдің АҚШ-тағы сайлауға араласқанына дәлел бар" деді. Бірақ прокурор АҚШ президенті Дональд Трампты Мәскеумен астыртын сөз байласты деп ашық айыптаған жоқ. Бірақ ол "Трамптың кінәсі жоқтығына сенімді болсам, кінәсіз деп тура айтар ем" деді.

Шамамен екі жылға жалғасқан тергеу кезінде Роберт Мюллер Ресейдің Америкадағы сайлауға хакерлік шабуылдар мен әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарату арқылы араласқанына дәлел тапты. Алайда прокурор Трамп пен оның жақтастарының Ресеймен сөз байласқанын айғақтай алмады. Мюллер Трампты әділ тергеуге кедергі келтіру бабымен кінәсіз деп танудан бас тартып, президентке қатысты шешім қабылдауды бас прокурордың еншісіне қалдырған. Бас прокурор Уильям Барр Трамптың жауапқа тартылмайтынын айтты.

Трамп пен оның жақтастары Ресеймен сөз байласпағандарын, әділ тергеуге де кедергі келтірмегенін айтып, айыптарды жоққа шығарады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 

31 мамыр 2019, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.