Атырау, 28 қараша 00:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Украинада әскерилер мінген тікұшақ құлады – қаза тапқандар бар

2 525 просмотра


Ровенская облысында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, әскерилер қаза болды. Қайғылы оқиғадан кейін Львов облысында аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды  РИА Новости Львов облыстық әкімшілігіне сілтеме жасап.

Тікұшақтың апатқа ұшырағаны туралы Украина Құрлық әскерлерінің өкілдері хабарлады.

"Әуе апаты салдарынан Украина Қарулы күштері Құрлық әскерлері армиялық авиациясы 16-шы жекелеген бригадасының командирімен бірге экипаждың төрт мүшесі мерт болды", - делінген хабарламада.

Әуе апатының себептері анықталып жатыр, деді Құрлық әскерлерінің өкілдері.

30 мамыр Львов облысында аза тұту күні болып жарияланды.

Украинаның мемлекеттік тергеу бюросы оқиғаны тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Дереккөз: sputniknews.kz

 

30 мамыр 2019, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.