Атырау, 8 маусым 19:38
 дождьВ Атырау +26.7
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Венгрияда туристік қайық аударылып, кем дегенде жеті адам суға кетті

2 362 рет қаралды


29 мамырда Венгрия астанасы Будапешттегі Дунай өзенінде 34 адам отырған туристік қайық аударылып, кем дегенде 7 адам қаза тапқан. 12 адам іс-түссіз жоғалып кетті. 15 адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілген.

Апат Венгрия парламентінің ғимаратына жақын маңда болған. Туристік қайық пен Viking лайнері соқтығысып қалып, туристер отырған қайық суға кеткен.

Іс-түссіз жоғалғандарды іздеп жатқан құтқарушылар жұмысын ауа райы қиындатып жатыр. Қалың нөсерден Дунай ернеуінен тасып, ағысы күшейген. Су температурасы - шамамен 15 градус.

Венгрия полициясының өкілі Кристоф Гал аударылған қайық бортында болғандар Оңтүстік Корея азаматтары екенін айтты.

Дереккөз: Азаттық радиосы

30 мамыр 2019, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.