Атырау, 28 қараша 00:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Чехия халқы премьер-министрдің отставкасын талап етті

2 176 просмотра


Чехияда премьер-министр Андрей Бабишке қарсы наразылық акция басылар емес. Жиналған жұрт бесінші апта қатарымен оның отставкаға кетуін талап етуде.

Естеріңізге салайық, Бабишке Еуропалық одақтан бөлінген қаражатты жымқырды деген айып тағылды.  Ол өз кезегінде тағылған айыпты мойындар емес. 

Ал халық болса премьер-министр бұл істен оңайлықпен құтылып кетеді деп күдіктенеді. Осыған орай елдің әділет министрінің жұмысына да көңілі толмайтынын айтып, Мария Бенешованың қызметінен кетуін талап етті. 

Тұрғындардың айтуынша, жаңадан тағайындалған әділет министрі заң жүйесінің жұмысына кедергі келтіреді.

Дереккөз: 24.kz

30 мамыр 2019, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.