Атырау, 28 қараша 00:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Тереза Мэйдің орнына үміткер Борис Джонсон жауапқа тартылуы мүмкін

1 917 просмотра


Ұлыбританияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Борис Джонсон референдумның тәртібін бұзған үшін жауапқа тартылуы мүмкін. 

Ол 2016 жылы елдің Еуроодақтан шығуы туралы үгіт насихат жүргізген кезде жалған ақпарат таратқан. Сотқа шағымды бизнесмен Маркус Болл түсірді. Оның сөзінше, Борис Джонсон Біріккен Корольдік Одақтан шықса, апта сайын 350 миллион фунт стерлинг кірісін алады деп айтқан.

Іс алдымен Вестминистер магистрат сотында тыңдалып, содан кейін Тәж сотында қаралады. 

Еске сала кетейік, мамырдың 24-і күні Тереза Мэй отставкаға кететіні туралы мәлімдеді. Ал Борис Джонсон осы лауазымға үміткерлердің бірі болып саналады.

Дереккөз: 24.kz

30 мамыр 2019, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.