Латвияның Сеймі Еуропалық соттың судьясы Эгилс Левитсті ел президенті етіп сайлады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Әлемдік БАҚ-тың хабарлауынша, ашық сайлау барысында Левитстің кандидатурасын 100 депутаттың 60-ы қолдаған. Левитс бұған дейін, яғни 2014 жылы президент сайлауына түскен болатын.
Алайда, ол жолы елді осы уақытқа дейін басқарып келген Раймонд Вейонистен жеңіліп қалды. Р.Вейонис биылғы президенттік сайлауға түсуден бас тартты. 63 жастағы Левитс Риганың тумасы. Гамбург университетінде саясаттану және құқықтану мамандығын игерген.
Дереккөз: inform.kz