Американың Огайо және Индиана штаттарында болған торнадо салдарынан кем дегенде 130 адам зардап шекті. Бұл туралы Associated Press хабарлайды.
Агенттіктің хабарлауынша, торнадодан бір адам көз жұмған. Индиана, Колорадо, Огайо, Айова, Небраска и Иллинойс штаттарында торнадо салдарынан 68 мың үй электр қуатынсыз қалған.
Огайоның 3 округінде төтенше жағдай жарияланды. Сонымен қатар, Канзас-Ситидің халықаралық әуежайы уақытша өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.
Дереккөз: 24.kz