Атырау, 17 желтоқсан 02:24
 ашықВ Атырау -7
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Анкара: АҚШ Түркияға ешқандай ультиматум қойған жоқ

2 689 рет қаралды


АҚШ Түркияға ешқандай ультиматум қойған жоқ. Түркия қорғаныс министрі Хулуси Акар «Haberturk» телеарнасына берген сұхбатында: «АҚШ-тың Түркияға С-400 әуе қорғанысы жүйесіне байланысты ультиматум қойған жоқ» - деп мәлімдеді. 

Оның сөзінше, осы уақытқа дейін Уашингтон Анкараға ультиматумға байланысты ешқандай ресми құжат жолдамаған. Бұған дейін БАҚ беттерінде «АҚШ Түркияға Ресейден С-400 зымыран жүйесін сатып алғаны үшін ультиматум қоймақ» деген ақпарат тараған. 

Аталмыш ақпаратқа сүйенсек, Уашингтон Анкараны F-35 ұшағын құрастыру халықаралық жобасынан шығарып тастамақ. Түркия бірнеше мәрте С-400 жүйесін сатып алудан бас тартпайтындығын айтқан. Оған АҚШ қарсылық білдіріп, С-400-дің НАТО стандарттарына сәйкес келмейтіндігін алған тартқан. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

29 мамыр 2019, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.