Атырау, 5 желтоқсан 08:15
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

АҚШ-та сайлауалды науқан қыза түсті

2 227 рет қаралды

Астана. 6 қазан. BAQ.KZ - АҚШ президенттігінен үміткер Митт Ромни алғашқы жарыссөзден кейін сайлауалды науқандағы өз жағдайын біршама жақсартты. Осылайша ол көш бастап келе жатқан Барак Обамадан екі-ақ пайызға қалып келе жатыр. 

Алдын ала жүргізілген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, сайлаушылардың 46 пайызы Обаманы, 44 пайызы Ромниді қолдаған. Ал, сәрсенбі күні өткен жарыссөздің алдында Барак Обама қарсыласынан 6 пайызға алда тұрған болатын.

"Ромни өзін оң қырынан көрсете білді және мұны көрермендер де тиісті деңгейде бағалап отыр. Енді ол қосымша дауыстар жинап жатыр" деді зерттеумен айналысып жатқан Ipsos-тың атқарушы директоры Клифф Янг.   

Оның пікірінше, бұл тек сайлауалды науқанның қорытындылары ғана . Демек, жеңіске жетуге екі тараптың да мүмкіндігі бірдей.

Енді қос үміткер тағы екі рет жарыссөзге шығып, кім мықтыны анықтайды. Ал, АҚШ-тағы президенттік сайлау қараша айының 6 жұлдызында өткізілмек.

baq.kz

6 қазан 2012, 19:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.