Атырау, 28 қараша 03:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Солтүстік Корея: АҚШ ұстанымын өзгертпесе, ешқашан келіссөз болмайды

2 926 просмотра


Солтүстік Корея өзінің ресми ақпарат агенттігі арқылы мәлімдеме таратып, АҚШ тарабы Корей түбегі мәселесіндегі ұстанымын өзгертпесе, ядролық келіссөздің ешқашан болмайтынын айтты. 

КХДР-ның ядролық келіссөз туралы бұл жаңа мәлімдемесі АҚШ президенті Дональд Трамптың Жапониядағы ресми сапары қарсаңында жасалған.  Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігінің аталған мәлімдемесінде, КХДР мен АҚШ лидерлерінің екінші реткі саммитінің нәтижесіз аяқталуына Солтүстік Кореяның жауап бермейтінін, Құрама Штат тарабы өзінің ұстанымдарын өзгертпесе, Корей түбегінің ядролық қарусыздануы туралы келіссөздер қайта басталмайтынын білдірген. Трамп билікке шыққаннан кейін АҚШ пен Солтүстік Корея арасында бір мезгіл ядролық соғыс қаупі артып, өңірдегі елдерді қатты алаңдатқан еді. Былтыр  жыл басында КХДР басшысы Ким Жоң Ун (Ким Чен Ын) мәлімдеме жасап, "ядролық қобдишаны келіссөз үстеліне алып шығатынын", "КХДР режимінің сақталуына кепілдік берілген келіссөздерге дайын екенін" жеткізді. Содан бастап АҚШ пен Солтүстік Корея арасында келіссөздер жанданды. Биыл ақпан айының соңында екі ел басшысы екінші реткі саммитін Вьетнам астанасында өткізді. Алайда бұл келіссөз нәтижесіз аяқталып, қос тарап келісімге келе алмады. Себебі, тараптар бір-бірінің талаптарына келіспеген. АҚШ Солтүстік Кореяның толықтай ядролық қарусыздануын талап еткен. Ал, Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартудан бұрын экономикалық санкциялардың алынып тасталуын сұраған.

Дереккөз: qazaqtimes.com

27 мамыр 2019, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.