Ирак соты тыйым салынған "Ислам мемлекеті" террористік тобының қызметіне араласты деген айыппен Францияның үш азаматын өлім жазасына кесті. Сотталғандар - Кевин Гоно, Леонард Лопес және Салим Мачу 30 күн ішінде сот үкімін апелляцияға бере алады. Бұл туралы ұлыбританиялық BBC арнасы хабарлады.
Сайттың жазуынша, сотталған үш азаматпен бірге тағы тоғыз французды АҚШ қолдайтын күштер Сирия аумағында ұстаған. Биыл ақпанда олар сотқа тарту үшін Иранға жіберілген.
Бұл үш азамат - өлім жазасына кесілген алғашқы франциялықтар.
Париж Бағдад сотының бұл үкіміне қатысты әзірге пікір білдірмеді. Бірақ биыл ақпанда француздардың сотқа тартылып жатқаны туралы хабарға Франция президенті Эммануэль Макрон "Бұл - Ирактың ішкі ісі" деп, пікір білдіруден бас тартқан.
Human Rights Watch бастаған бірнеше халықаралық құқық қорғау ұйымы "жала мен азаптау арқылы азаматтарды соттайды" деп Ирак сотын сынаған.
Amnesty International құқық қорғау ұйымының биыл сәуірде жарияланған есебібойынша, Ирак азаматтарды өлім жазасына кесу бойынша әлемде алғашқы бестікте тұр. Ирак соттарының азаматтарды өлімге кесу туралы үкімдері 2017-2018 жылдары төрт есе өсіп, кем дегенде 271 адамға осындай жаза тайындалған. Ұйым "былтыр мұның 52-сі ғана іске асты" деп жазады.
Дереккөз: Азаттық радиосы