Үндістан Президенті Рам Натх Ковинд сайлауда жеңіске жеткен «Бхаратия джаната парти» жетекшісі Нарендра Модиді қайта Премьер-министр етіп тағайындады.
Себебі, ол сенбі күні «Ұлттық-демократиялық одақтың» басшысы етіп сайланған. Кездесуде ел басшысы Модиге жаңа үкіметті құруды тапсырды. Еске сала кетейік, Үндістанда мамырдың 19-ы күні парламенттік сайлау аяқталып, «Бхаратия джаната парти» жеңіске жеткен. Нарендра Моди партиясы 543 орыннан тұратын төменгі палатаның 303 орынын иеленді. Ал оппозициялық Үнді ұлттық конгресінің тек 52 өкілі депутат болып сайланды.
Дереккөз: 24.kz