Еуропалық Парламентке сайлаудың соңғы күні. Саяси дода Еуроодақтың 21 елінде өтіп жатыр. Әлем назары әсіресе Франция мен Германияға ауып отыр.
Себебі осы екі мемлекет ортақ парламенттегі біршама мандатқа иелік етеді. Мысалы, Германияға 96 ал, Францияға 74 орын тиесілі. Жалпы дода ЕуроОдақ елдерінде бейсенбі күні басталған. Алдымен Ұлыбритания мен Голландия азаматтары өз таңдауын жасап, жұма күні сайлау Чехиямен Иралндияда, ал кеше Латвия, Словакия, Люксембург және Мальтада өтті. Алдын ала қорытындыға қарағанда Ирландия, Словакия және Голландияда социал-демократтар алда келеді. Сайлаудың алғашқы қорытындысы бүгін кешке белгілі болады.
Дереккөз: 24.kz