Атырау, 28 қараша 02:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

72-ші Канн кинфестивалінің жеңімпаздары анықталды

2 598 просмотра


Канн кинофестивалінің бас жүлдесі оңтүстіккореялық режиссер Пон Джун Хоның «Паразит» фильміне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат bbc.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл трагикомедияда байдың үйіне жұмысқа орналасқан жарлы отбасы туралы бейнеленген. Британдық актриса Эмили Бичем «Крошка Джо» психологиялық драмасында әйел рөлін жақсы сомдағаны үшін жүлде алды. 

Испан актері Антонио Бандерасқа Педро Альмодовардың «Боль и слава» фильміндегі ер адам рөлін үздік орындағаны үшін жүлде табысталды. 

Сондай-ақ, 72-ші Канн кинофестивалінде қазылар алқасы франко-сенегалдық режиссер Мати Диоптың «Атлантик» фильмін ерекше атап өтті. Бұл фильмде отанында әйелдерін қалдырып кеткен мигранттардың тағдыры көрсетілген. Диоп кинодағы ерекше жетістігі үшін Бас жүлде алды. Канн кинофестивалінің 72 жылдық тарихында бұл марапатты алғаш рет қара нәсілді әйел алды.

«Барлығымыз осы фильмге ғашық болдық деп ойлаймын. Бұл картина поэзия, драматизм және мистицизмге толы. Мұнда күн сайын барлығымыз тап болып жүрген трагедия туралы айтылған», - деді қазылар алқасының бірі, француз режиссері Энки Билал «Атлантик» фильмі туралы. 

Үздік кинорежиссура үшін бельгиялық ағайынды Дардендерге «Жас Ахмед» фильміне берілді. Бұл кино мұсылман жастардың радикализациялау тарихына арналған. Француз сценарисі Селин Скьамма «Портрет женщины в огне» фильмінің үздік сценарийі үшін жүлде алды.

Қазылар алқасының жүлдесін Ладжа Лидің «Отверженные» және кіші Клебера Мендостың «Бакурау» фильмдері бөліп алды. Фестивальде Квентин Тарантиноның «Однажды в Голливуде» жаңа фильмінің әлемдік премьерасы өтті. Бірақ бұл фильм ешқандай жүлде ала алмады.   

Дереккөз: inform.kz

26 мамыр 2019, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.