Атырау, 28 қараша 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Биыл Эвересте он адам қаза тапқан

2 567 просмотра


Биыл альпинистік маусым басталғалы бері Эвересте он адам қаза тапқан. Непал билігі осы көктемде әлемдегі ең биік шыңға көтерілуге мүмкіндік беретін 381 лицензия сатқан. 

Бұл бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш. Соның салдарынан шыңға көтерілу және одан түсу жолында кезек пайда болып, туристердің кезекке жетуі үшін көп күн күтуіне тура келген.

Сондай кезек кезінде жақында Үндістанның төрт альпинисі, Ирландия, Непал, Австрия және АҚШ альпинистері қаза тапқан. Жалпы Гималайда көктем маусымында 20 адам өлген. Мамандар өткен бір жылдың өзінде осыншалықты көп адам өлмегенін айтады.

Эверестке (Джомолунгма) көтерілу үшін әрбір альпинист 11 мың АҚШ долларын төлейді. Өткен жылы Непал билігі 807 лицензия сатқан.

Дереккөз: azattyq.org

26 мамыр 2019, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.