Атырау, 17 желтоқсан 02:22
 ашықВ Атырау -7
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Жапонияда екі кеме соқтығысып, біреуі мұхитқа батып кетті

2 866 рет қаралды


Жапониялық екі жүк кемесі Тынық мұхитта, Тиба префектурасынан шамамен 11 шақырымдай қашықтықта соқтығысып қалды, деп хабарлады жексенбіде NHK телеарнасы. 

Салдарынан судноның біреуі суға батып кеткен. Борттағы экипаждың бес мүшесінің төртеуі із-түзсіз жоғалды. Кеме капитаны құтқарылды. Апат түнде болған, тұман салдарынан ен нәрсе көрінбеген. Суға батып кеткен 1,6 мың тонна болат тиелген судно Осакаға бара жатқан. Қазіргі уақытта жағалау күзеті із-түзсіз кеткендерді моторлы қайықтармен және тікұшақтармен іздестіріп жатыр. 

Дереккөз: inform.kz

26 мамыр 2019, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.