Жұмадан сенбіге қараған түні Бали аралындағы Агунг жанартауы оянды. Бұл туралы Associated Press (AP) Индонезияның Табиғи апатты болдырмау жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктің деректері бойынша, жанартау төрт жарым минуттай атқылаған. Вулканның кратерінен шыққан лава тасқыны 3 шақырымдай жерге тарап, маңайындағы 9 елді мекенді күл басып қалған. Зардап шеккендер мен құрбандар жөнінде әзірге ақпарат түсе қойған жоқ.
Дереккөз: inform.kz