Атырау, 17 қыркүйек 19:03
 дождьВ Атырау +25.7
$ 444.88
€ 513.26
₽ 5.28

​​Үндістанда көп қабатты ғимараттағы өрттен 18 бала қаза тапты

2 757 рет қаралды


Жалпы өрттен 20 адам қаза тапқан. Ал оның 18-і бала болып шықты. Үндістанның Гуджарат штатына қарасты Сурат қаласында төрт қабатты коммерциялық ғимарат өртенді. 

Өрт салдарынан 18 бала мерт болды, сондай-ақ бірнеше адам жарақат алған.  Оқиға барысында түтін мен жалыннан қашқан бірнеше оқушы ғимараттың үшінші және төртінші қабаттарынан секіріп кеткен. 

Олардың басым бөлігі ауруханаға түсті. Үндістан премьер-министрі Наредра Моди өрттен қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, Гуджарат штатының басшылығы мен жергілікті билік өкілдеріне зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді міндеттеді.

Дереккөз: 24.kz

25 мамыр 2019, 00:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.