Лион қаласындағы көшелердің бірінде жарылыс болып, салдарынан 8 адам жараланды. Қазір олардың екеуі ауыр халде жатыр.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға барысында көшеде жатқан орама зат жарылып кеткен. Полиция бомба жарылған маңайды оқшаулады. Ал Франция президенті Эмманюэль Макрон жарылысты «шабуыл» деп атады.
Францияның Лион қаласында болған жарылысты прокуратураның антитеррорлық бөлімі тергейтін болды. Бастапқыда прокуратура бұл оқиғаны адамды өлтіруге қасақана әрекеттену бабы бойынша тергемек болған еді.
Дереккөз: 24.kz