Атырау, 28 қараша 02:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Калифорния билігі Трампты сотқа берді

2 642 просмотра


Калифорния штатының билігі мен теміржол басқармасы АҚШ Президенті Дональд Трамптың әкімшілігін сотқа берді. 

Себебі федералды көлік министрлігі жоғары жылдамдықты магистраль салуға бір миллиард доллар бөлу туралы шешімнің күшін жойған. Олардың айтуынша Калифорния штаты жобаның құнын күн сайын көтеріп, құрылысты шала жүргізіп отыр. 

Ал, штат билігі болса бөлінген қаржыға Вашингтонның араласатын құқығы жоқтығын айтады. Айта кетейік, дау тудырған қаражатты бөлу туралы шешім 2010-шы жылы Барак Обама билікте болғанда қабылданған. 

Жүрдек пойызға арналған жол Лос-Анджелес пен Сан-Францисконың арасын жалғауы керек болатын. Соңғы кездері жобаның шығыны көбейіп, аяқталу мерзімі ұзарып кеткен.

Дереккөз: 24.kz

24 мамыр 2019, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.