Атырау, 28 қараша 02:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Тереза Мэйдің үкімет мүшелері шетінен отставкаға кетіп жатыр

1 958 просмотра


Ұлыбритания Парламенті қауымдастары палатасының көшбасшысы Андреа Ледсом отставкаға кетті. Мұндай қадамға ол Премьер-министрдің Брексит мәселесіне қатысты ұстанымымен келісе алмағандықтан барған. 

Оның пікірінше, Мэй басқарған үкімет Еуропалық Одақтан шығу үдерісін соңына дейін жеткізе алмайды. 

Айта кетерлігі, Андреа Ледсом Британ үкіметін Парламенттің төменгі палатасымен байланыстырушы қызметін атқарған. Оның қызметтен кетуін негізге алған оппозиция кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді ұсынды. 

Брексит мәселесіне қатысты британ парламентімен ортақ мәмілеге келу мақсатында Тереза Мэй бірқатар ұсыныстар енгізген болатын. Алайда Еуропалық Одақтан шығу жобасын Парламент үш қайтара қабылдамай тастаған.

Дереккөз: 24.kz

23 мамыр 2019, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.