Атырау, 29 наурыз 12:13
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Зеленский Еуроодақ пен АҚШ-тан Ресейге қысым көрсетуді жалғастыруды сұрады

3 769 просмотра


Украина президенті Владимир Зеленский "Украина аумағының тұтастығын қалыпқа келтіру ісінде көшбасшылық танытып, ел ішін реформалауда көмектескені үшін" Вашингтонға алғыс айтты. Жаңа президентті ұлықтау рәсіміне қатысуға келген АҚШ өкілдерімен өткен кездесуде Зеленский "АҚШ - Украинаның Ресей агрессиясына қарсы тұруда қуатты әрі ірі серіктестерінің бірі" деді. Бұл туралы Украина президентінің сайты хабарлады.

"Донбасс пен Қырымдағы Ресей агрессиясына өзіміз қарсы тұра алмаймыз. Сондықтан сіздердің көмектеріңіз керек. АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциясын күшейтуді жалғастырғандарыңызды қалаймыз" деді Зеленский. Ол АҚШ-қа қауіпсіздік саласында көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Президент Украинада ашық, әділ әрі демократиялық реформа жүргізуге әзір екенін айтқан. Ол АҚШ-ты Украинаға үлгі деп атады.

Тап осы күн - 20 мамырда Зеленский Еуропа комиссиясы төрағасының орынбасары Марош Шефчовичпен кездескен. Бұл кездесуде де президент Еуропа одағының Ресейге санкция арқылы қысым көрсетуі жалғасады деп үміттенетінін айтқан. "Бұл Ресейдің Донбасстағы әрекеттерінің зардабын тартып отырған Украина үшін өте маңызды" деді Зеленский.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 

21 мамыр 2019, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.