21 мамырда Мәскеуде оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың сайлауалды штабының бұрыншы басшысы, Коррупциямен күрес қоры (ККҚ) жобаларының менеджері Леонид Волков ұсталды. Бұл туралы Волкоз өзінің Twitter парақшасында хабарлады.
Белсендінің сөзінше, оны таксимен жұмысына бара жатқанда көлікті полицейлер тоқтатып, өзіне "біртүрлі сұрақтар қойған". Мұнан соң оны ұстап, Данилов аудандық полиция бөлімшесіне жеткізген. Полиция былтыр қыркүйекте зейнет жасының ұлғаюына қарсылық митинг өткізіп, "бейбіт жиын өткізу ережесін қайтара бұзғаны үшін" Волковқа хаттама толтырған.
Соңғы бірнеше айда Волков шетелде тұрған. Былтыр 9 қыркүйекте Ресейдің бірнеше қаласында Алексей Навальныйдың ұйымдастыруымен зейнет жасының ұлғаюына қарсы митингілер өткен. Ресей бойынша мыңнан аса адам ұсталған.
Дереккөз: Азаттық радиосы