Атырау, 20 сәуір 09:29
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Баланы ұрлап әкетпек болды: полиция желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді

Бейнежазба
2 703 просмотра

Полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған роликке қатысты түсініктеме беріп, оқиғаның астанада емес, басқа қалада болғанын хабарлады


Желіде әйелдің тұрғын үй кіреберісінде кішкентай баланы ұрлап әкетпек болғаны түсіп қалған ролик тарады.

Видеоны желі қолданушыларының бірі жариялаған. Белгісіз әйел баланың артынан тұрғын үй кіреберісіне жүгіре кіріп, бүлдіршінді сөзге тартып, кейін сөмкесін тартып алған. Біраздан кейін кадрда тағы бір әйел, ер адам және полиция қызметкері көрінеді.

Астананың полиция департаменті желіде тараған роликке қатысты түсініктеме беріп, оқиғаның Нұр-Сұлтанда емес, Қызылордада болғанын мәлімдеді. Департамент заңда жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Белгілі болғандай, оқиға 16 мамыр күні шамамен 20:40-та Қызылорда қаласында болған.

"Тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде мас әйел кәмелетке толмаған баланың сөмкесін ұрлап әкетпек болды. Алайда көп ұзамай осы үйдің тұрғындары оны қолға түсірді", - деп хабарлады Қызылорда полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 1-тармағы және 24-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Дереккөз: sputniknews.kz

20 мамыр 2019, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.