Атырау, 17 маусым 15:30
Кешке ашық+26, түнде +22
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.05  € 432.79  P 5.96

Үш айда Қазақстаннан 8 мыңнан астам көшіп кетті

20 мамыр 15:07


Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында Қазақстаннан 8 355 адам басқа елдерге кетті, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, ҚР-нан кеткендердің жалпы санынан ТМД елдеріне 7 455 адам, басқа елдерге 910 адам кетті. Жекелеген этникалық топтар бойынша сыртқы көші-қон қаңтар-наурызда келесідей болды: орыстар – елден кеткендердің жалпы санынан 71,9% (2018 жылдың ұқсас кезеңінде 71,1%), немістер – 6,6% (8%), украиндар – 6,9% (6,7%), қазақтар – 4,7% (4,7%), татарлар – 2,2% (2,2%), өзбектер – 0,5% (0,3%), басқалары — 7,2% (7%).

Қазақстанға келгендер арасында қазақтар – 60,5% (бір жыл бұрын 55,4%), орыстар – 18,8% (22,3%), украиндар – 1,9% (2,8%), өзбектер – 2,1% (2,3%), татарлар – 1,1% (1,3%), немістер – 1,3% (1%), басқалары – 14,3% (15,1%) көш бастап тұр. Есептік кезеңде республикаға барлығы 3 176 адам (бір жыл бұрын 3 468 адам) келді. Оның ішінде ТМД-нан 2 685 адам және басқа елдерден 491 адам. Осылайша, жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша көші-қон сальдосы теріс мәнді көрсетті — минус 5 179 адам.

2019 жылғы қаңтар-наурызда 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 8,4%-ға азайды, кеткендер саны 22%-ға артты. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүріп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі және осы елдерге кеткендердің үлесі тиісінше 84,5% және 89,1% құрады.

Сондай-ақ, ішкі көші-қон өсімді көрсетті — ағымдағы жылдың І тоқсанында ол 225 953 адамды құрады, ал 2018 жылдың үш айында бұл көрсеткіш 197 951 адамға тең болды. Осылайша, ел шегінде қоныс аударатын көшіп-қонушылардың саны 14,1% — ға артты. Өңіраралық орын ауыстырулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің үш өңірінде: Маңғыстау облысында (369 адам) және Нұр-Сұлтан (6 089 адам) және Алматы қалаларында (6 559 адам) тіркелді.

Дереккөз: 7kun.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

442 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4

Последние новости