Атырау, 17 қыркүйек 15:06
 дождьВ Атырау +23.1
$ 444.88
€ 513.26
₽ 5.28

​Алматы облысында жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды

4 025 рет қаралды


Алматы облысында жоғалып кеткен 18 жастағы Айгүл Амангелді өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қыздың денесі 19 мамырда шамамен сағат 17.30-да Талғар ауданы Белбұлақ ауылының маңындағы таулардан табылған. 

"Туыстары қыздың денесін таныды. Денесінде ешқандай зорлық белгілері жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз өз-өзіне қол жұмсаған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 18 жастағы студент қыз 13 мамырда жоғалып кеткен болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 мамыр 2019, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.