Атырау, 28 қараша 02:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Трамп миграция және көші-қон талаптарын күшейтпек

2 543 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп миграция және көші-қон заңнамасындағы талаптарды күшейту туралы құжатты ұсынды.

CNN хабарлауынша, құжатқа сәйкес шетел азаматтарына грин карта беру ережесі өзгертіледі. Трамптың ұсынысы бойынша АҚШ-тың тұрақты тұрғыны болу үшін бірінші кезекте білімді әрі білікті мамандарға мүмкіндік беру керек. Сонымен қатар Ақ үй басшысы АҚШ азаматтығын алған мигранттардың туғандарына грин карта беруді тоқтату керек дейді. 

Конгресте мәлімдеме жасаған Трамп: «Бүгін АҚШ-тың көші-қон саясатын алға жылжытатын нақты қадам ұсынамыз. Ең алдымен бұл бастама америкалықтардың қауіпсіздігі үшін жасалып отырғанын айта кетейік. Елге сауатты, білімді, жігерлі жастар келсе ел экономикасының артуына үлесін қосады, қылмыс деңгейі азаяды. Жаңа заң тұрақты мекен іздегендерге қолайлы болады», – деді. Жаңа құжатты Конгрес мақұлдамаған жағдайда, сайлаудан кейін қайта ұсынылмақ. 2018 жылы АҚШ-қа заңды жолмен келген иммигранттардың жылдық жалақысы 43 мың доллар көлемінде яғни бір шетелдік азаматтың ай сайынғы табысы 3,5 мың доллар болған. Ақ үй басшысының жоспарына сай елге білікті мамандар ғана тартылса, айлық табысы үш есе көбейіп, 126 мың долларға жетеді. 

Дегенмен, Трамптың бұл ұсынысына конгре мүшелері қарсылық білдірген. Демократтардың айтуынша, мигранттардың басым бөлігі мұқтаждықтан тұрғылықты мекен іздейді. Олардың емтихан тапсыруына мүмкіндігі болмағандықтан, жалдамалы қызметке тұрады. Осыған байланысты конгрес мүшесі Ильхан Омар: «Дәл қазіргі таңда баспана іздеген мигранттарға бұлай қарсы шыға алмаймыз. Дональд Трамптың жаңа жоспары қатыгездікке толы. Түрлі қиын жағдайдан қашқан адамдар ғана басқа елден мекен іздеп, жаңа өмір бастасам дейді. Бір ғана жүйемен азаматтық күтіп отырған 11 миллион мигранттың үмітіне нүкте қоюға болмайды. Трамп отбасылық құндылық деген сөздің мағынасына пысқырып та отырған жоқ», – дейді.

Дереккөз:  qazaqtimes.com

19 мамыр 2019, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.