Атырау, 28 қараша 02:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Австрияның вице-канцлері отставкаға кетті

2 018 просмотра


Австрияда саяси жанжал. Елдің вице-канцлері Хайнц-Кристиан Штрахе отставкаға кетті. 

Оған 2017 жылы болған оқиға себеп. Штрахе елдегі парламенттік сайлау алдында Ибицада ресейлік бір әйелмен кездесіп, оның партиясына қаржылай қолдауы үшін көмек көрсетуге дайын екенін жеткізген. Кездесу бейнежазбаға түсіріліп алынған.

Штрахенің өзі әйелдің ресейлік емес, Латвия азаматы және онымен байланыста емес екенін айтып ақталып отыр. Прокуратура бейнежазбаны тексеретінін жеткізді.

Ал Австрия канцлері Себастиан Курц оппозциялық Бостандық партиясымен бірлесіп жұмыс істегісі келмейтінін мәлімдеп, президентке елде мерзімнен тыс сайлау өткізуді ұсынды. Ел басшысы да канцлердің шешімін қолдады. Хайнц-Кристиан Штрахе, австриялық саясаткер: - Біздің партия үкіметтік бағдарламалардың одан әрі жалғасуын қалайды. Менің қателігімнен қазіргі кабинеттің тарап кеткенін қаламаймын. Сол бір кездесудің қандай мақсат ұстанғанын енді түсіндім. Сондықтан мен канцлер Курцпен кездесіп, отставкаға кетуді ұйғардым.

Дереккөз:  24.kz

19 мамыр 2019, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.