Атырау, 28 қараша 02:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тереза Мэй оставкаға кететін күнін таяуда жариялауы мүмкін

2 154 просмотра


Ұлыбританияның консерваторлары мен лейбористері брексит бойынша келісіміге келе алмады. Бұл туралы лейбористік партияның басшысы Джереми Корбин мәлімдеді.

Оның айтуынша, Тереза Мэй үкіметі одақтан шығу бойынша ымыраға келгісі жоқ. Парламент үш рет кері қайтарған келісім болса мемлекеттің мүддесіне қайшы. Сондықтан қос партия арасындағы келіссөз нәтижесіз аяқталды.

Ал кей мәліметке қарағанда Мэй жуық арада өзінің оставкаға кететін күнін жариялауы мүмкін. Еске сала кетейік, Еуроодақ өткен айдың бас кезінде Ұлыбританияның ұйымнан шығу мерзімін қазанның 31-іне шегерген. Себебі британ парламенті үкіметтің брексит туралы келсімін 3 рет талқылап, қабылдамай тастаған.

Джереми Корбин, Ұлыбритания лейбоистік партиясының жетекшісі: – Үкімет брексит бойынша өзінің ұстанымын өзгерткен жоқ. Біз Еуроодақпен кедендік келісімді қолдаймыз. Ол келісім елдегі жұмыс орындары мен сауда-саттықты қорғауға мүмкіндік береді. Біз өз ұстанымызды үкіметке ұсындық. Енді жағдай қалай өрбитінін көре жатармыз.

Дереккөз: 24.kz

19 мамыр 2019, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.