Тель-Авивте "Евровидение 2019" халықаралық ән байқауының екінші жартылай финалы өтіп, 18 мамырда финалдық шоуға қатысатын тағы он қатысушы іріктелді. Екінші жартылай финалда көрермендер 18 конкурсанттың өнеріне баға берді.
Финалға жолдама алғандар арасында Ресей атынан қатысып жатқан әнші Сергей Лазарев та бар. Сахнаға он үшінші нөмірмен шыққан ол "Scream" әнін орындады.
Whose dreams will come true tonight?#DareToDream #Eurovision pic.twitter.com/jwWXTV5VS4
— Eurovision (@Eurovision) 16 мая 2019 г.
Екінші жартылай финалда, сондай-ақ, Солтүстік Македония, Нидерланды, Албания, Щвеция, Әзербайжан, Дания, Норвегия, Швейцария және Мальта өкілдері жеңімпаз атанды.
Not so silent and innocent! @SergeyLazarev returns to the Eurovision stage with an emotional performance of Scream.#DareToDream #Eurovision #RUS pic.twitter.com/gaIiZSpN0f
— Eurovision (@Eurovision) 16 мая 2019 г.
Бірінші жартылай финалдың қорытындысы бойынша "Евровидение 2019" байқауының финалында Грекия, Беларусь, Сербия, Кипр, Эстония, Чехия, Австралия, Исландия, Сан-Марино және Словения өкілдері де бақ сынайды.
Here are the 10 songs that qualified in the second Semi-Final and will perform at the Grand Final on Saturday!
#DareToDream #Eurovision pic.twitter.com/0Bgdf8y082
— Eurovision (@Eurovision) 16 мая 2019 г.
Байқау ережелері бойынша, "Евровидение" негізін қалаған тағы бес мемлекет пен конкурс өтіп жатқан елдің өкілдері финалға автоматты түрде жолдама алады. Бұл Франция, Италия, Германия, Испания, Ұлыбритания және Израиль.
Байқау сайтында финалдық шоудың қонағы Мадонна болады деген ақпарат жарияланды. Ол Future атты жаңа әнін шырқайды.
Дереккөз: sputniknews.kz