Атырау, 29 наурыз 12:25
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Дала желаяқтары

2 746 просмотра


41433 әскери бөлімнің (барлаушылар полкі) аға лейтенанты Сергей Садриев Алмалы ауылының маңында Махамбет трассасының бойымен жүгіретін 15 шақырымдық «Dala Race 2019» жарысында жеңіске жетті. Жүгіруге 100-ден аса адам қатысты, олардың арасында әскерилер мен жәй азаматтар да болды. 

Маршрут топырақты, тасты және құмды жолдармен өтті. Желаяқтардың міндетін шағын төбелерге көтеріліп-кері түсу қиындатып отырды. Садриев қашықтықты 1 сағат 1 минутта бағындырды.

Бұл оның спорттағы алғашқы жеңісі емес, ол жыл сайын өтетін «Atyrau Yellow Race», «Atyrau Ice Race» жазғы марафон мен 2019 жылғы астаналық марафонның жүлдегері атанды.

Қанат ХАСАНОВ

16 мамыр 2019, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.