Венесуэла оппозициясының жетекшісі Хуан Гуайдо сенбі, 11 мамырда АҚШ-тағы өкілін Пентагондағы ресми тұлғалармен кездесіп, Венесуэладағы саяси дағдарысты шешу бойынша әріптестік орнату мәселесін талқылауды сұрады. Бұл ақпаратты Reuters агенттігі хабарлады.
Сенбі күні Каракаста жұрт алдында сөйлеген Гуайдо АҚШ-тың қорғаныс саласындағы ресми тұлғалармен тікелей байланыс орнату үшін АҚШ-тағы өкіліне олармен шұғыл түрде кездесуді тапсырғанын хабарлады. Ол Мадуроға қысым жасауда барлық мүмкіндікті пайдалануды көздеп отырғанын айтты. Гуайдо сонымен бірге Венесуэладағы дағдарысты шешу жолдары бойынша Қытай билігінің ықтимал әрекеттері туралы Пекиннен мәлімет алғанын да жеткізді.
Венесуэла саяси дағдарысты бастан кешіп жатыр. Ел парламенті оппозиция бақылауында. Жыл басында сол кезде ассамблея спикері болған Хуан Гуайдо өзін уақытша президент жариялап, Мадуро билігін заңсыз таныған.
Ресей, Қытай, Түркия мен Куба Мадуроны жақтайды. Ал Гуайдоны АҚШ пен Еуропа одағы, Латын Америка елдерінің шамамен барлығы, сондай-ақ басым бөлігі батыс елдерінен тұратын 50-ден аса мемлекет қолдайды.
Дереккөз: Азаттық радиосы