Yonhap - Оңтүстік Кореяның Қарулы күштері Штаб басшылығы комитетінің (JCS) хабарлауынша, бейсенбі күні Солтүстік Корея шағын қашықтыққа арналған екі зымыран ұшырған.
Yonhap агенттінің хабарлауынша, бұл оқиға Солтүстік Корея Шығыс теңізге зымыран жібергеннен бес күн өткенде болған. «Зымырандар Кусонгтың солтүстік-шығысынан шығысқа қарай сағат 16:29 және кешкі 4:39-да жіберіліп, біреуі 420 км, екіншісі 270 км қашықтықтан соң Шығыс теңізіне түскен. Біздің әскерилер бақылауды күшейтті және Солтүстік Кореяның тағы зымыран жіберуі мүмкін екенін ескертіп АҚШ-пен тығыз координация жасады», - деп хабарлады Штаб басшылығы комитетінің өкілдері.
Олар зымыранның дәл қай жерге қонғанын нақты анықтамады және Оңтүстік Корея мен АҚШ зымырандардың детальдарына анализ жасап жатқанын хабарлады.
Жапонияның қорғаныс министрлігі бес күн бұрын ұшырылған зымырандардан соң: «Жапонияға қауіп төніп тұрған жоқ. Жапония аумағындағы теңізге зымыран қонбады» деп мәлімдеме жасаған болатын.
Ал аталған оқиғадан кейін Жапония қорғаныс министрлігі шұғыл жиналыс ашты. Оңтүстік Корея президентінің әкімшілігі қауіпсіздік жағдайын жіті бақылап отырғанын хабарлады.
Дереккөз: inform.kz