Сассекс герцогинясы Меган Маркл ер баланы дүниеге әкелді. Туа салысымен лорд Маунтбеттен-Виндзор монархиялық титулына ие болған сәбидің жағдайы жақсы.
Айта кету керек, Ханзада Гарри мен оның жұбайы Меган Маркл тұңғыштарын ол дүниеге келе салысымен халыққа көрсеткен жоқ.
Сөйтіп, монархтардың соңғы 40 жылда қалыптасқан дәстүрін бұзды.
Енді олар тек екі тәуліктен кейін ғана баланы жұртқа көрсетпек.
Дереккөз: 24.kz