"41 адам", - деп жауап берді ол журналистердің сұрағына. 4 экипаж мүшесі және 33 жолаушы аман қалды. Құрбандардың бірі - жолсерік Максим Моисеев, - деп жазады Вести.ru тілшісі. Куәгерлердің айтуынша, ол соңына дейін жолаушыларды жанып жатқан ұшақтан шығарған. Оған әріптестері Татьяна Касаткина мен Ксения Фогель көмектескен.
Мәскеуден Мурманск қаласына бара жатқан "Аэрофлоттың" Sukhoi Superjet 100 ұшағы жексенбі күні Шереметьево әуежайына шұғыл оралды, оған ұшақаннан кейін 28 минут өткен соң қонуға тура келген.
Ұшақ қиын метеожағдайларға байланысты екінші мүмкіндіктен ғана тоқтай алды. Бірақ жерге қонып жатқан кезде тіректері сынып, қозғалтқышынан от шықты. Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко бортта болған 78 адамның 37-і тірі қалғанын хабарлады.
Дереккөз: tengrinews.kz