
Starbox magazine журналының мамыр айындағы нөмірінің мұқабасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің суреті пайда болды.
24 жастағы әнші инстаграмдағы аккаунтында қуанышты жаңалығымен бөлісті.
Starbox 2014 жылдан бері әйгілі адамдардың, шоу-бизнес жұлдыздарының сұқбаттары мен суреттерін жариялап келеді.
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің суреті Қытайдың танымал Men's Health және Southern Metropolis Daily, Chic Teen журналдарының мұқабасына шыққан болатын.
Биыл 7 маусымда отандасымыз МУЗ-ТВ 2019 жүлдесінің арнайы қонағы болады.
Сондай-ақ, жас орындаушы 29 мамырда елордада жеке концертін беруді жоспарлап отыр.
Дереккөз: sputniknews.kz
В Атырау 0