"Атырау" футбол командасын белорус маманы Олег ДУЛУБ жаттықтырады - бұл туралы "Атырау" ФК баспасөз қызметі хабарлады.
Дулуб 53 жаста, осы кезге дейін ол белорустық «Минск», «Гомель», «Динамо», «Крумкачы», «БАТЭ», украиндық «Карпаты» мен «Черноморец» командаларының бас жаттықтырушысы болған. Соңғы жұмыс орны - 19 жасқа дейінгі Белоруссия ұлттық құрамасы.
Келісімшартқа қол қойғаннан кейін Дулуб Шымкентке аттанады, мұнда 5 мамырда "Атырау" жергілікті "Ордабасымен" кездеседі.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ